Жіктелу

lat: Jiktelý

Жіктел етістігінің қимыл атауы; 1. Жік түсу, бірегейліктен айырылу.

Нарықтық экономикаға көшу сөзсіз болатын адамдардың әлеуметтік қатерінің өсуіне, ал ол, түптеп келгенде, халықтың өмір сүру деңгейі бойынша жіктелуіне, бірсыпыра адамдардың баюына және тұрғындардың кейбір топтарының, әсіресе аз қаржымен қамтылған бұқара топтарының, зейнеткерлердің, мүгедектердің, балалардың кедейленуіне, тіпті қайыршылануына әкеліп соқтырады.

2. Ажыратылу, бөліну.

Ньютон сәуленің түрлі түске жіктелуін алғаш рет анықтадыБұлардың текке, түрге жіктелуін салыстырып байқасақ, қырандар тобының тектік арасалмағын көреміз (Ж.Бабалықұлы, Қырандар).

3. әлеуметтік. Топқа бөліну.

Қытайлардың гоминданшылар немесе коммунистер болып жіктелуін уақыттық және маңызы жағынан екінші қатардағы мәселе деп есептейтін (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).

4. лингвистикалық. Жіктік жалғауын қабылдау, жіктік жалғаумен түрлену; бастауыш пен баяндауыштың сөйлем ішінде синтаксистік қарым-қатынасқа түсуінің негізгі амалы.

Есім сөздердің жіктелуін түркі тілдерінің морфология жүйесінің өзгетістікілдерден, айталық, еуропа тілдерінен басты бір ерекшелігі деп білуіміз керек. Ал түркі тілдерінде есім сөздердің жіктелуі оның баяндауыш болатындығының кепіліаз. грамм.).