Жілік сүйектері

lat: Jilik súıekteri

Жілікті құрайтын өте қатты, иілмейтін, шорт сынатын қатты түзіліс, жіліктің ортаңғы бөлігі.

Қол жіліктер бөлшектелгеннен кейін қасапшы міндетті түрде жауырынның шеміршегін кесіп, жілік сүйегінен айырады, бірақ оны бөліп тастамау керек, тек іліктіріп қояды (Қ.Салғарин, Қасапшылық). Қасапшылар қолдау етті ойғанда пышақты жілік сүйектеріне (тоқпан мен жауырынның) тақамай жанай салып, доға жасай жүргізіп кеседі (Қ.Салғарин, Қасапшылық).