Жіпше бактериялар

lat: Jipshe bakterıalar

биологиялық. <лат. sphearatilus natans> Pseudomonada тұқымдасына жататын хламидобактериялар тобы.

Жіпше бактериялар ластанған ағын суларда, қант зауытының тұндырғыштарында, бөгеттерде және су тұзсыздандырғышта тіршілік етеді. Жіпше бактериялар бір клеткалы, қарама-қарсы орналасқан жіпшелерден тұрады (Қаз. тілі термин. Биология).