Жойқын

lat: Joıqyn

сын есім. 1. Қырып-жойып кететін, алапат, сұрапыл. Бұрыноңды болып көрмеген ж о й қ ы н соғыс бір сәтке де саябыр таппайды (Ж.Тәшенов, Жауынгер.). Қазақ жеріндегі елдерді орта ғасырдағы татар-моңғол басқыншыларының ж о й қ ы н шабуылы жермен-жексен етіп, жоқ қып жіберген (Н.Баяндин, Саяхат.). Сиырдай сүзіскен ж о й қ ы н сеңнен су беті көрінбей кетті (Ө. Қанахин, Жас дәурен). 2. ауыспалы мағына. Керемет, сұмдық, орасан. Сол жылы әкеңнің егіні ж о й қ ы н болды (Т.Әлімқұлов, Туған ауыл.). Электролиз цехы электр қуатын көп жұтады, соған орай өнімі де ж о й қ ы н (Т.Нұртазин, Адам.). Украина жерін жарып өткен майдандық ауыр сапарда қазақтың талай батыр жігіттері ж о й қ ы н ерлік көрсетті («Лен. жас»).