Жоғал етістігінің қимыл атауы; жоқ болып кету, көрінбеу. Қайрақ қанша ойланғанмен, Кербездің ж о ғ а л у себебін дәл болжай алмады (С.Елубаев, Білте шам.). Соғыс – жалғыз менің жоғалуым емес, барша ізгіліктің ж о ғ а л у ы (М.Сатыбалдиев, Қоңыр қозы). Қабақтарынан қар жауып, екі иіні ішіне кеткен кісілер қара жерді қаттырақ басуға да қаймыққандай үнсіз жылысып, қараңғы түннің қойнына сіңіп ж о ғ а л у д а (Ә.Кекілбаев, Дала.). Біреудің жанарында, Біреудің табанында, Сап-сары жапырақтар ж о ғ а л у д а. Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың, Жасыл бақ тоналуда, тоналуда (М.Мақатаев, Шығ.).