үстеу. 1. Үстіге, өрге қарай; төмен емес. Семафордың үстіңгі қанаты ж оғ а р ы көтерілгенде ғана жүру керек (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). Мен оянғанда күн құрық бойындай ж о ғ а р ы көтерілген екен (О.Көшімов, Жас аңшы). Қалбаңдап ұшты-ау, не керек, Қарашы жөндеп ж о ғ а р ы. Аспанда туған көбелек – Аймақтың аппақ қонағы (Ж.Жұматаев, Ләйлә). Оның қою қасы біресе қара көзілдіріктен ж о ғ а р ы көтеріліп, біресе көзілдіріктің жиегімен жалғасады (Ә.Нұршайықов, Махаббат жыр.). 2. Биік; аласа емес. Ініме мен ағамын, Бойым одан ж о ғ а р ы. Мен мектепке барамын, Оқымайды ол әлі (С.Қалиев, Өлеңд.). Барлық тілді үйренерсің сен әлі, Жігіт болып саналы. Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа, Өз еліңнің туын көтер ж о ғ а р ы (Т.Молдағалиев, Шақырады). // Аспан, көк. Жалаңашқа киімнің жоғы арманда, Тоңғанға отын менен шоқ арманда. Талап қылса табылар соның бәрі, Мал жаусын ба оларға ж о ғ а р ы д а н да (Ш.Құдайбердиев, Өлеңд. поэм.). 3. Артық, басым. Колхоздың мәдениеті де ж о ғ а р ы (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.). Химиялық препараттармен консервіленген азықтардың жалпы жұғымдылығы да ж о ғ а р ы (Қ.Құсайынов, Химия.). Біздер бөтен жұрттың адамы болғандықтан және де атқарып жүрген жұмыстарымыз арбаптың ақылы жетпейтін жұмыс болғандықтан, бізді өзінен ж о ғ а р ы санайды (С.Шарипов, Бекболат). Джоконда туралы енді кештерде Ғайбат сөзін айта алмайды еш пенде, Сөздерден ол, көздерден де ол ж о ғ а р ы, Жоғары енді ол ақылдан да, естен де (Ж.Жұматаев, Ләйлә). Соны көрем өңімде һәм түсімде, Әлемге үлгі көрсетеді ол әлі. Ол өкімет орнатқан бақ ішінде Әкімдіктен ақындық шен ж о ғ а р ы (Ж.Жұматаев, Ләйлә). Көрсеткенше Шораға, Батыр құмар болады. Шүйделі аяқ көк шегір, Болатын болса егер де, Қайраты мұның ж о ғ а р ы (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). Нұржанның жалпы сауаттылығы да өз қатарымен салыстырғанда ж о ғ а р ы (С.Еркебаев, Алғашқы.). // Көтеріңкі, ыстық. Кейбір заводтар мен комбинаттарда ж о ғ а р ы температура жағдайында жұмыс істеуге тура келеді (Е.Байзақов, Еңбек.). Ылғалдығы ж оғ а р ы тары тұқымы қойманың жылылығы 18–21 градус болса, екі-үш күннен кейінақ өздігінен қыза бастайды (Ж.Шәріпбаев, Тұқым. себу). Ауаның жылуы ж о ғ а р ы болса личинкалар ауру жұқтыру сатысына жетпейақ қырылып қалады (Ө.Қарамендин, Бұзау. ауруы). // Мемлекеттік басшылық қызмет, жетекшілік ететін басшы орын. Іс одан да ж о ғ а р ы ғ а кетсе керек (А.Хангелдин, Табыс. тағдыр). Еңбек майданына бірнеше адам алынбақшы, бүгін ж о ғ а р ы д а н жарлық алдым (Б.Тәжібаев, Қараторғай). Мен ж о ғ ар ы ғ а, Москваның өзіне жазамын, – деді даусы шаңқылдап (Т.Ахтанов, Дала сыры).