педагогикалық. Орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және ресми құжатпен (дипломмен, сертификатпен және т.б..) расталатын маманның кәсіби біліктілік дәрежесі. Ежелгі шығыстың білім беру жүйесінде ж о ғ а р ы б і л і м беру, негізінен жеке ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы негізінде қалыптасты (ҚҰЭ). Ж о ғ а р ы б і л і м – маманға зерттелмек және практикалық мәселелерді мәдениет, ғылым, техника жетістіктерін шығармашылықпен пайдалана отырып дамытып, өз бетімен және жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік беретін жүйеленген білім жиынтығы мен іс-әрекет дағдыларын меңгеру нәтижесі (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Жұрттың бірінің қазақша оқуын қамтамасыз етпеген күнде де орта білім мен ж о ғ а р ы б і л і м беруде барлық пәндерді қазақша оқытуға қажетті оқулықтар мен мамандар Әзірлеуді жолға қоя алсақ, қазақша білім беру аясын толық көлемде кеңейтуге жағдай жасаған боп шығамыз (Ә.Кекілбаев, Үш белес).