Арнайы білім беру жүйесінің арнаулы орта деңгейінен жоғары тұратын білікті маман даярлайтын оқу орындарында алынатын білімі бар. Ж о ғ а р ы б і л і м д і жігіттер майданға кеткесін, осы Сағынайлар олардың ізін басқан (М.Сүндетов, Ескексіз.). Бастапқы деңгейде Алматы қаласындағы өндірістерге қажет жұмысшы мамандар, колледжде орта буын, ал үшінші деңгейде Салаға қажет ж о ғ а р ы б і л і м д і 12 мамандық бойынша кадр даярланады («Егемен Қазақстан»). Қазақстанда тұңғыш ж о ғ а р ы б і л і м д і құрылысшылардың шыққанына 40 жылдан асты. Олардың көбі орыс және қазақ тіліне бірдей. Ауыл мектебін қазақша бітіріп келіп, бірінші курстан орысша оқуға мөжбүр болған олар, әрине, талай қиыншылықты бастан кешірді («Жас Алаш»).