Жоғары дәрежелі білім

lat: Joǵary dárejeli bilim.

Жоғары оқу орындарында берілетін білім. Кенжеғұл институтта оқып жүрген. Амандық болса, алдағы жылы ж о ғ а р ы д ә р е ж е л і б і л і м і бар заң қызметкері дей бер (Р.Райымқұлов, Бұрылыс.). Көкесі бір кезде қызына ж о ғ а р ы д ә р е ж е л і б і л і м бергісі келген (А.Жағанова, Еркежан). Бала күнімнен арман еткен ж о ғ а р ы д ә р е ж е л і б і л і м қолға қонбай-ақ кетті (К.Әміров, Өшп. жұлдыз.).