зоологиялық. <латын тілі. placentalia немесе eutheria> Ұрпағын тірі туатын сүтқоректілердің инфракласы. Ж оғ а р ы с а т ы д а ғ ы а ң д а р д ы ң ұрпақтары аналығының сүтін еміп дамып өседі, олардың сүт және тұрақты тістері жетілген. Миының қыртысты бөлігі жақсы дамыған(Қаз. тілі термин. Биология). Ж о ғ а р ы с а т ыд а ғ ы а ң д а р ғ а қазіргі кездегі тіршілік ететін сүтқоректілердің 17–18 отряды жатады, олар түрлі экологиялық орта жағдайларында (құрлықта, топырақ ішінде, ауада, ағаш басында, суда) тіршілік етуге бейімделген (Қаз. тілі термин. Биология).