Жоғарыда

lat: Joǵaryda

үстеу. Сөйленген не жазылған мәтіннің айтылып кеткен тұсында, сөйлеп тұрған уақыттан сәл ғана бұрын. Терме өрмегіне ж о ғ а р ы д а айтылған жабдықтарға қосымша «ілмек», «өткерме», «мәймөңке» деген жабдықтар қолданылады (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Ж о ғ а р ы д а айтқан редакциялық командировкадан оралғаннан кейін ол Сыр бойында өткен ақындар туралы көп толғанып жүрді (С.Мәуленов, Үркер.). Ж о ғ а р ы д а аталған төрт жігіттің қарулас досы Александр Галкиннің ұлты татар (С.Сейітов, Сөз сұра.). Ж о ғ а р ы д а айтқанымдай, сыры көп, Айтар ойы сүйектілеу, ірірек, Түпнұсқасы басқа тілдік өлеңім Бес қазақша өлеңімнің бірі боп (Ж.Жұматаев, Ләйлә).