етістік. 1. Жоғарыға өрлеу, биіктеу. Таудың төбесіне ж о ғ а р ы л а п шыққан сайын күн суытып келеді (С.Шарипов, Шығ.). Қапаш баспалдақпен ж о ғ а р ы л а п көтерме сөренің үстіне шықты (Ғ.Сланов, Замана.). Екі жігіт енді спорт сарайына қарай ж о ғ а р ы л ағ а н болатын (О.Сағынаев, Ұзақ жол). Шолпан шарықтап арқан бойы ж о ғ а р ы л а п, Меркурий де найза бойы көтеріліп қалды (X.Әбішев, Аспан сыры). Маған сыйлық дейсің бе, мол алғаным, Сапарыма разымын, жоқ арманым. Бүркітіндей қалықтап аясында, Баянауыл басына ж о ғ ар ы л а д ы м (Қ.Бекхожин, Қайран жас.). 2. этнографиялық. Төрге шығу, төрлету. – Ж о ғ а р ы л а, Теміржан, – деді Ермекбай. Теміржан ж о ғ ар ы л а м а д ы (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Оның жүріс-тұрысы жинақы, кебісін тез шешіп денесін тік ұстаған күйінде төрге ж о ғ а р ы л ад ы (К.Оразалин, Абай.). Қонақ та тоқтаған жоқ оған қарап, Отырды молдакеңмен ж о ғ а р ыл а п, Тұсына домбырасын іліп қойды, Қол созса жетерліктей оңайырақ (Б.Адамбаев, Ақбөбек). 3. Арту, көтерілу. Қара жұмыс кезінде, әсіресе, ол адам бұрын онымен шұғылданбаған болса, қан қысымы ж о ғ а р ы л а й д ы (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.). 4. Жақсару, биіктеу. Әрбір тоқсан сайын сабақ үлгеруі ж о ғ а р ы л а п, алғырлық, шеберлік, әсіресе, еңбек сабағында озық баланың бірі болды (С.Бегалин, Сәтжан). Біз көп өнім алдық. Енді одан ж о ғ а р ы л а м ас а қ төмендемейміз, – деді Осман (С.Бақбергенов, Алтынемел.). Ақынның ой-өрісі тереңдеген сайын шығармасының да өрісі кеңіп, сапасы ж о ғ а р ы л а й берді (М.Қаратаев, Туған әдеб.). 5. ауыспалы мағына. Үлкен қызметке ауысу, лауазымы өсу. Жұманияз көміршілер комитетінен ж о ғ а р ыл а п, қалалық профсоюз кеңесін басқармақ (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Ысмайыл фермада бастық болған, одан ауылнайлыққа ж о ғ а р ыл а д ы («Қаз. әдеб.»).