lat: Joǵarylat
етістік. 1. Жоғары көтеру. Қайықтар жақындаған сайын ол желбіреген туын ж о ғ а р ы л а т а түсті (С.Мұқанов, Ботагөз). Қыл мойыннан ұстаған саусағын бірте-бірте ж о ғ а р ы л а т ы п, алқымына таман әкеле жатыр (Т.Ахтанов, Боран). 2. Дәрежесін көтеру. Берке хан өзінен әскерінің жайын жасырған, бұнсыз біреуді ж о ғ а р ы л а т ы п, біреуді төмендеткен әскер басшылары болса, ондайларды бір күн қоймай, орындарынан алып тастап отырған (І.Есенберлин, Алтын.). 3. Келген адамға Жоғары шық, төрлет деген мағынада айтылатын сөз. Үй иесі Ысқақ Әбдірахманов әдеттегісінше: – А, ж о ғ а р ыл а т! – деп құшақ аша жылы жүзбен қарсы алды (С.Досанов, Жер тағдыры). 4. Көтеру, күшейту. «Жылу эффекті» немесе «оранжеялық эффекті» деп аталатын бұл құбылыс атмосфераның төменгі қабаттарының температурасын ж оғ а р ы л а т а д ы (Т.Қалыбеков, Экология.). Жарықшалардың көбеюі тау жыныстарының беріктігін төмендетеді, су сіңіргіштігін ж о ғ а р ыл а т а д ы (К.Сапарбайұлы, Геология.).