Жобалау

lat: Jobalaý

Жобала етістігінің қимыл атауы. 1. Топшылау, шамалау. Қаншайым жанжағына қарап еді, қараңғы түн көзін байлап тастап, ештеңені ж о б а л а у ғ а мұрша бермеді (А.Байтанаев, Қайнар.). Оның ж о б а л а у ы бойынша, жолшыбай қоян қашады немесе жорға дуадақтар кездеседі (Ә.Көшімов, Жас аңшы). Жарылғамыс ж о б а л а у м е н қорықса, негізінде қорқарлық та жай бар еді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). 2. Жобаның кешенді техникалық құжаттамасын дайындау процесі. Әртүрлі өндіріс салалары бойынша жобалау арнайы ж о б а л а у мекемелерінденституттарында) орындалады (ҚҰЭ). Жезқазғанның өндіріс мамандары ж о б а л а у мекемелерімен бірлесе отырып, жер астынан кен шығарудың жаңа технологиясын жасады (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). Ж о б а л а у нысандарды бейнелеу түріне байланысты сызбалық жобалау және көлемдік жобалау болып ажыратылады (ҚҰЭ).