зат есім. 1. Адам не мал, күш көліктің қайта-қайта жүруінен тапталып, тақырланған із, сүрлеу. Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз. Тастақ ж о л жарқырайды буға амалсыз (Абай, Тол. жин.). Көрді, білді ол таста ж о лд ы ң жоғын, Сонан соң қамдап бақты қарны тоғын (Абай, Тол. жин). Кәпірдің қайрылмасын білгеннен соң, Жүгіріп жалтыр тастан ж о л іздеді (Абай, Тол. жин.). Ж о л үш күмбездің шығыс жақ жағын ала қиялай тартады екен (Ә.Әбішев, Терең тамыр.). Бадыр біртіндеп, дорбаларды, киім-кешекті сүйретіп ж о л ғ а жеткізіп жүр (С.Бегалин, Ана.). 2. Сапар, ұзақ жол. – Жоқ ж о л ы ң а көлденең тұрғандай болмаймын, барам деп қойған соң (Т.Нұртазин, Мұрат). Ж о л жүруге жиналып, Тұрды біздің факультет. Көп ішінде ұялып, Қоштаспадым, ғафу ет (С.Мәуленов, Жолдас). 3. Бағыт, беталыс. Орынсызды айтпаған, Түзу ж о л д а н қайтпаған (Абай, Тол. жин.). Әуелі дін исламның ж о л ы н д а ғ ы пәнделер, иманның хақиқатын білсін (Абай, Тол. жин.). Бұл ж о л – бек шетін, бек нәзік жол (Абай, Тол. жин.). Кешегі хан төгіп жүріп өз қолымызбен құрған колхозды бір-екі жыл ішінде сіз ж о л д а н шығарып жіберіпсіз (М.Дүзенов, Ақәже). «Қазақ» газеті төңкерісшіл ж о л ұстады, халық мүддесін жырлады (Б.Кенжебаев, Қаз. дем. жазушы.). Ойы бөлектің ж о л ы да бөлек (Мақал). 4. Сөздің жазба не баспа түріндегі қағазға түскен ізі. Мәкеннің өзі де өлеңнің кейбір ж о лд а р ы н ішінен қайта оқып отыр еді (М.Әуезов, Абай.). Әлде көзің қуып кітап ж о л д а р ы н, Барған сайын жаның тайып мол нәрін. Ұмыттың сен бір кітаптан басқаны, Жайды алдыңа не керегін сол бәрін (Жас қанат). 5. Салт, әдет-ғұрып. Бұл қылық – бұрынғыдан бір қалған ж о л, Осындай бәйбішелер жұртта бек мол (Абай, Тол. жин.). Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Ж о л да жоқ жарыместі «жақсы» демек (Абай, Тол. жин). Келін, құда бұйрығы, Шариғат пиғылы. Жақаңды жат көрмессіз, Бұрынғы, соңғының ж о л ы (I.Жансүгіров, Шығ.). – Болғанда ж о л ағадан, тон жағадан, Арлан бөрі соғады тау сағадан, Бас қосып бағландармен қалмақ үшін, ізденіп келіп тұрмын Қарқарадан (Жамбыл, Шығ.). 6. этнографиялық. Кәде, сый, сыйлық; ырым. – Міне, той бастаған ж о л ы ң, бәйбіше берді, – деді (С.Сейфуллин, Шығ.). Алжан руынікі, той бастар ж о л ы да Алжандікі, – деді той иесі («Жетісу»). 7. этнографиялық. Жасы, дәрежесі үлкен, сыйлы, қадірлі адамдардың белгілі бір жағдайда бірінші болып жүруі туралы этикалық норма. – Ж о л менікі, бүйте берсең Қырмызыны өзім аламын, – деп Қайыр әдейі Зәуреге тоқтау салды (С.Адамбеков, Қожанасыр.). 8. ауыспалы мағына. Үлгі, өнеге. Алла табарака уатағаланың пенделеріне салған ж о л ы қайсы? (Абай, Тол. жин.). Орын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың ж о л ы н а неге салмайды екеміз? (Абай, Тол. жин). “Үмітсіз шайтан болсын” деген сөз бар, Ж о л д а р көп жәннетке де тарам-тарам. Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпеген жүрегімде бар бір жарам (А.Байтұрсынов, Шығ.). 9. ауыспалы мағына. Құрмет, сый. Мекеде уақып үй салып, Пәтер қып, жаққан шырақты. Бір Құдайдың ж о л ы н а Малды аямай бұлапты (Абай, Тол. жин.). Жанын құрбан ж о л ы н а қылған жансып, Көз қарауы құбылар әлденеше (Абай, Тол. жин.). Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында, Хан да жанын қиыпты қыз ж о л ы н д а (Абай, Тол. жин). 10. ауыспалы мағына. Амал, айла, тәсіл. Обадан халықты құтқарудың ж о л ы бір жақсы адамды құрбан ету екен (М.Әуезов, Абай жолы). Одан үміт кім қылар, Ж о л табар деп сасқанда (Абай, Тол. жин.). Амалшылықтың ж о л ы н үйретем деп, ол байдың өзін кісіге сенбейтұғын қылады (Абай, Тол. жин.). Қайрат пен ақыл ж о л табар Қашқанға да, қуғанға (Абай, Тол. жин.). Ж о л ы н тапсаң орын көп, Білмейді соның жолын көп, Табалайды бір-бірін, Қойшы ісін соның деп (Үш ғасыр.). 11. ауыспалы мағына. Шамашарық, жөн. Аяз әліңді біл, құмырсқа ж о л ы ңд ы біл (Мақал). 12. ауыспалы мағына. Жөні, орны, жайы. Жас бала әкесіз күнелтуіне, ер жетуіне болар, ана ж о л ы бөлек екен (Р.Әутәліпов, Алтын.). 13. ауыспалы мағына. Жөн-жоба, әділдік. «Ж о л қуған қазнаға жолығар, дау қуған бәлеге жолығар» деседі (Абай, Тол. жин.). Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз ж о л емес. Ынталы жүрек, Шын көңіл, Өзгесі хаққа қол емес (Абай, Тол. жин.). 14. информатикалық. <ағылшын тілі. path> Файлмен байланысу жолы немесе оның дискідегі бумалар (каталогтар) тізімінен тұратын адресі (Қаз. тілі термин. Информатика.).