а) тілек сөз. Сапарың оң болсын деген мағынада жолаушыға айтылатын сөз. Жолаушылардың біреуі Дәмешті көріп, ж о л ы ң б о л с ы н дегендей қолын бұлғайды (З.Шашкин, Теміртау). ә) э в ф. Жолға жиналып жатқан адамның, жолаушының қайда беталғанын тіке сұраса, жолы болмай қалады деген ниетпен, жұмсартып сұрау үшін айтылатын сөз. Тоқан көк шолағын жегіп жатқанда, тымағын желкесіне жыпыра киіп үстіндегі тоны май-май Айдарбек келді. – Ж о л б о л с ы н? (Б.Майлин, Шығ.). Осы шығар ханым деп, иіліп сәлем бергенім, Ж о л б о л с ы н, балам дегенде, жөнімді айтып бергенім (Мұңлық-Зарлық). Ей, диуана, ж о л б о л с ы н, Жеке басың қол болсын. Олжа басың мол болсын! Атыңның басы шапшақтай, Садағың оғы бұршақтай, Диуана, саған жол болсын (Алпамыс). б) Мұның жөні қалай, мұнысы несі деген мағынада айтылады. Мына жазығы жоқ жұртқа істеп отырған қиянатына ж о л б о л с ы н! Есіркегеннің көз алдына тағы да қараша үйдегі сурет елестеп кетті (І.Есенберлин, Шығ.).