Жол болсын

lat: Jol bolsyn

а) этн. Жөн сұрауды , қайда барасың дегенді білдіретін сөз.

Уа, Зейнеппісің, хош келдің! Я, жол болсын (М.Әуезов, Қараш.).

ә) этн. Жол үстінде кетіп бара жатқан адамға берілетін сәлемдесу түрі.

Жолдастарына тақап келгенде: - Уа, көкжендеттер, жол болсын! - деп, шапшаң ғана саңқ етіп қатты айтты. Уа, әлей болсын, Әлей болсын! (М.Әуезов, Қараш.).

б)экспр.жағымсыз. Ұнатпағанда бұл қалай, онысы несі деген мағынада жұмсалатын сөз.

Иә, сол кездегі ақымақтығыма таңданамын. Ашулы толқын арасынан әкемді іздегеніме жол болсын (Ә.Сәрсенбаев, Капитан.).

Отыз бес жыл Ресей патшасының заң безбенін салмақтаған сұлтанның қара табан тобырдың сөзін сөйлегеніне жол болсын, - деді ол (Х.Есенжанов, Тар кезең).