Жол-көлік

lat: Jol-kólik

жол-көлік оқиғалары. Көлік құралдарының жолмен жүруі кезінде және оның қатысуымен пайда болған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар т.б. зақымданған не өзгедей материалдық зиян келтірілген оқиға. Ж о л өл і к  о қ и ғ а л а р ы н ы ң пайда болу себептері мен жағдайларын талдау және осы себептер мен жағдайларды жою үшін әр елде, аймақта, қалада жол-көлік оқиғаларының есебі жүргізіледі (ҚҰЭ). Медицина мекемелері меншік нысанына қарамастан ж о л ө л і к  о қ и ғ а л а р ы н д а қаза тапқан немесе жарақаттанған адамдардың есебін жүргізеді (ҚҰЭ).