Жолбарыс

lat: Jolbarys

зат есім. <латын тілі. felis tigris> 1. Мысық тұқымдастарына жататын, жолақ терілі ірі жыртқыш аң. Түсімде шатырымның алдында бір ж о л б а р ы с келіп шөгіп жатып алыпты (М.Дулатов, Шығ.). Қорабек батыр Шудың қалың қамысынан ж о л б а р ы с іздеп шығады (К.Әзірбаев, Аңыз.). 2. ауыспалы мағына. Батыл, ержүрек, батыр адам. Ел үшін еңіреп туған ж о лб а р ы с ы м, Білемін жүрегіңде бар бір жараң. Сені улаған қазақтың қайғысы ғой, Дәриға, қазағыңның күні қараң (М.Жұмабаев, Шығ.). Қара Қыпшақ ж о л б а р ы с ы н ы ң намыстанып қалғанын хан да сезді (I.Есенберлин, Алмас.). 3. ауыспалы мағына. Алып, ірі, текті, дарынды (адам туралы). Ж о л б а р ы с т а р жортатын сар далада, Қорсылдаған доңыздар мекен етті (М.Жұмабаев, Шығ.).