Жолдас

lat: Joldas

зат есім. анатомиялық. Құрсақтағы бала кіндігі арқылы жалғасып жатқан ішкі мүше. Қандарын, ж о л д а с, шелін тазалапты, Көрпеге киізбенен орап сапты. Көне ғой күң де болса көпті көрген, Бәрін де әр нәрсенің сол жайғапты (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Баланың ж о л д ас ы түспегенде, қан көп кеткен Бәтиманың талықсығанында ешкімнің шаруасы жоқ (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). Токсоплазмозбен ауырып жүрген әйел құрсағындағы өсіп келе жатқан нәрестеге өзінің ауруын баланың ж о лд а с ы арқылы жұқтырады (З.Сырғабаева, Токсоплазм.). Бала ж о л д а с ы м е н кіндік арқылы жалғасады (А.Даиров, Хирург.).