сын есім. 1. Жолға арналған, жолға керекті. Кәдірбай ауызғы үйге дейін шығарып салып, ж о л д ы қ ақша ұсынды да, ішке қайта кірді (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.). Бұрын мұндай төсекке жатып көрмеген Шоқан, ж о л д ы қ киімін шешінбестен қисая кетті (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Менің Шымкентке қарай жолға шығатынымды білген ноғай туғандар маған ж о л д ы қ даярлаған азықтарын берді («Айқап»). 2. Жазба жолдан тұратын, жолы бар. Күлән ақын елу мың ж о л д ы қ шежіре-дастанын мерзімді уағында жазып бітіріпті (М.Мағауин, Көк мұнар). Екі-үш күннен кейін Би ағаңа жиырма бір ж о л д ы қ бірдемені әкеліп бердім (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).