сын есім. 1. Жолы жоқ, жол түспеген. Арада алпыс-жетпіс шақырым қар басқан ж о л с ы з дала жатыр (Т.Ахтанов, Боран). Көкемдер баратын айдын қара суға ж о л с ы з б е н тура тартты (М.Тиесов, Дала.). Жүректе жоқ екен ғой өлшем деген, Көрмей-ақ жүр екен ғой көрсем де мен. Мен енді Темірқазыққа бір қарап ап, Ж о л с ы з б е н тартып кете берсем бе екен (Т.Айбергенов, Құм. мұнара.). 2. ауыспалы мағына. Жөнсіз, ретсіз, қисынсыз. Қазір ж о л с ы з ғой, көрінген жерде айқай көтеруің, – деді інісін баса сөйлеп (X.Есенжанов, Көп жыл.). 3. ауыспалы мағына. Тәртіпсіз, әдепсіз, жүгенсіз. Алды-артыңды ойласаң, Ж о л с ы з, жөнсіз іс қылма. Қас бір надан болмасаң, Алтыныңды мыс қылма (М.Әшірбеков, Кербез.). Әттең, сол ж о л с ы з жасаққа күйші емес, адайдың аспанға түкірген көп адуын батырларының біреуі іліксейші (Ә.Кекілбаев, Дала.).