зат есім. Жөнсіздік, әдепсіздік, жүгенсіздік. Ел ішінде болып жатқан неше түрлі ж о л с ы з д ы қ, жауыздық болушы еді, еш нәрседен беті қайтпаушы еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Көпе-көрнеу әділетсіздікке, бұра тартып кетер ж о л с ы з д ы қ қ а кешегі партизан ыза болып қана қоймайды, қарсы шығады (Р.Нұрғалиев, Күретамыр). Жас ару жастайынан көрді соны, Ж о л с ы з д ы қ, жүгенсіздік оң мен солы. Өз басын айттырыпты бір есерге, Жүрекке сондықтан да қайғы толы (Ә.Әленов, Әлімқара).