lat: Jolyń bolsyn, joldasyń
Қыдыр [Қызыр] болсын! тілек. Сапарға, соғысқа аттанған кісіге берер бата-тілек .
Күтіп отырған көп ауыл аманға «жол болсын» айтуға күн шықпай жиналды. -Жолың болсын, жолдасың қызыр болсын! - Дұшпаның жерге қарасын... - деп, кемпір-шал, құрбы- құрдас бір ауыздан тілеу тілеп, арбаны қоршап тұр (Ғ.Мұстафин, Таңд. шығ.).