Жолығу

lat: Jolyǵý

Жолық етістігінің қимыл атауы; кездесу, жүздесу. Құдай-ау! Қырсық болды мынау нендей?! Шырағым! Ол айтқаның оңай ма екен, Біреудің жалғыз қызын әлпештеген... Хатыңа нана алмай да, қоя алмай да, Десті жұрт ж о л ы ғ у д ы қолайлы екен (Ж.Аймауытов, Шығ.). Апанның басына келгенде де, биік топырағына шыққанда да, оның түпкі ойы Салқамбайға ж о л ы ғ у еді (Б.Майлин, Шығ.). Ниязбек жолға алар чемоданын әзірлеп болысымен, Мақпалмен ж о л ы ғ у д ы мақсат етіп отыр еді (Ж.Молдағалиев, Айналайын.).