жолым үй. Керегесіз уыққа киіз жауып, көшіп-қонуға ыңғайлап тігілген, сүйір төбелі кішкене қараша үй, жаппа. Ж о л ы м ү й үш қанаттан аспайды, оның керегесі сирек орнатылады, түзу уықтары шаңыраққа шаншылмай, басы түйістіріліп байланады да, үстіне туырлық жабылады (ҚҰЭ). Ақ үйлерден қашығырақ, тау қиялай тігілген ана жерде бір, мына жерде бір құрым киізді қостар мен ж ол ы м ү й л е р (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). Жылқылы ауыл, қойлы ауыл. Бұлақтың басы ж о л ы м ү й. Тыныстың сол ма жайлауы, Тірелер соған жол ылғи (М.Әлімбаев, Жүрек.).