Жонынан жарылған

lat: Jonynan jarylǵan

1. Семіз. Соқыр қария бұрынғы тоқал үйін темірмен шатырлатып жатыр. Ол аз күнде «көк төбел» үйлі болады. Үнемі жүруші еді, қазір жонынан жарылған жирен аты бар (М. Әуезов). 2. Өте бай. Байлығы теуіп сыртына, Жондарынан жарылған. Отан үшін қажеттің Бар керегі табылған; Отан үшін еңбектің Дабылы күшті қағылған, Мақтауыма сыярлық Ырыс құты жер болды (Н. Байғанин).