зат есім. Жоғалған мал, қолды болған зат, дүние. Іздемей ж о ғ ы н, Шайқалмай тоғын, Қарап жатқан тірі жоқ (А.Байтұрсынов, Шығ.). Ол болса қайтуші еді, тағы да ж о қ іздеп келе жатқан қу қамшы шығар (А.Лекеров, Түз гүлі). Елеусіз ж о ғ ы н тапқан адамдай қуанды (Т.Әлімқұлов, Ақбоз ат). Ж о қ табылмайды емес, қарауы жетпейді (Мақал). Ж о ғ ы ң ы зд ы ң оралғысы болсын! – деп мен жымидым (Ж.Аймауытов, Шығ.). // Бәсең, төмен. Кейде жалын, кейде шоқ, Кейде ынтық, кейде ж о қ, Кейде жаяу, кейде атты, Кейде баяу, кейде қатты (I.Жансүгіров, Шығ.).