модаль сөз. 1. Бір нәрсені құптамау, теріске шығару, мақұлдамау кезінде айтылады. Ж о қ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық (Абай, Тол. жин.). – Ж о қ, – деді Бурахан кідірместен, Бағланның орнына Абзалов сайлансын (Ә.Әбішев, Ғаламат). Ж о қ, сұлу, жол жасасын өзің құры, Ол халық мақтанышы сөздің нұры, Сен біздің қуаныштың ұрысысың, Сендегі жүрек те ұры, сезім де ұры (Ж.Молдағалиев, Жыр.). 2. «Бар» сөзіне қарама-қарсы мәнде айтылатын сөз. Кәрілік те тұр тақау, Алдымызда айла ж о қ. Қайғысыздық бәрі – асау, Бізге онан пайда ж о қ (Абай, Тол. жин.). Тоқта, – деді ол, – тұра тұр, Көмейді әзір емдеме, Қайта тағы құятын, Ж о қ менде де, сенде де (Қ.Ұябаев, Өтеді жыл.). Жат айбынар ісі ж о қ, Жау айдынар күші ж о қ (Абай, Тол. жин.). Бірлік ж о қ, береке жоқ, шын пейіл ж о қ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың (Абай, Тол. жин.).