Жоқтау күйлері

lat: Joqtaý kúıleri

әдебиеттану. Қайтыс болған адамдарға, жеру, қимас доспен қоштасу тақырыбына арналған музыкалық шығармалар; күй жанрының бір түрі   Ж о қ т а у к ү й л ер і н і ң байырғы үлгілері ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің мазмұнымен сабақтас келеді (ҚҰЭ). Ж о қ т а у к ү й л е р і н і ң қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетіндегі күй жанрының бір түрі ретінде қалыптасуына 1723-29 жылдардағы жоңғар шапқыншылығы, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламакезеңі үлкен әсер етті (ҚҰЭ).