Қолқам — мына тор жорғаңыздың бір түн қатар тері (С. Бегалин). Жорға сөзінің түбірі — жор(ы)—жүру, қозғалу, қимыл мағынасында (жор-туыл сөзінің этимологиясын қараңыз). Бұл сөз көне түркі тілінде әр түрлі тұлғада жұмсалған: jорыjур jорчын (Малов. Пам. др. письм., 28, 31). Мұндағы жорчы — жол көрсетуші (путеводитель) деген мағынада, оның - чы бөлегі, сөзсіз, жұрнақ. Йор тұлғасы қазіргі сары ұйғыр тілінде дербес қолданылып «жүру» дегенді білдіреді (Малов. Яз. желт. уйг. 42, 30). Сөйтіп, жорға деген сөздің түбірі жоры қазіргі қазақ тілінде жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналған, сөз соңындағы -ға — етістіктен есім тудыратын көне жұрнақтардың бірі (салыстыр: тол+ға, 6ал+ға) (Щербак. Грам. староузб. яз., 181). Жорту, жортуыл сөздері де осы түбірден өрбіген болу керек. (С. И.)