Жорық бекеті

lat: Joryq beketi

әскери. Жорықтағы әскерлерді күзету органы. Ж о р ы қ  б е к е т і күзетілетін лектердің кедергісіз жылжуын қамтамасыз ету, оны қарсыластың тұтқиылдан шабуылынан қорғау, жазылуға және ұрысқа кіруге қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мен қарсыластың жер үсті барлауының лекке енуін болдырмау мақсатында жіберіледі (Қаз. тілі. термин. Әскери.). Атқаратын тапсырмаларына байланысты ж о р ы қ  б е к е т і басты, бүйірлік, тылдық болуы мүмкін (Қаз. тілі. термин. Әскери.). Ж о р ы қ б е к е т і алдыңғы жасақтан (авангардтан), сонымен қатар басты күштердің лек басында екі бағытта жылжитын бригададан (полктен) қозғалыс бағыты бойынша жасалынатын жорықтарда жіберіледі (Қаз. тілі. термин. Әскери.).