етістік. 1. Істелетін істі жобалау, міндетке алу, жоспарын жасау. Бүгінгі жиналыста ол межеден асып түсіп, әр сауын сиырдан 2300 килограмнан сүт саууды ж о с п а р л а д ы (Ақ бұлақ). Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ж о с п а р л а ғ а н д а, зерттеулердің көлемін анықтап, оларды нақтыландыру көзделді (“Қазақст. мект.”). 2. Белгілеу, түрту, межелеу, ескеру. 1932 жылы С.Сейфуллиннің көптен ж о с п а р л а п, ойлап жүрген монографиялық еңбегі “Қазақ әдебиеті” оқулығы жарық көрді (“Қазақст. мұғ.”). Жуырда білсек, тағы біраз адамды ж о с п а р л а п қойыпты (Қ.Исабеков, Өрде).