Жота

lat: Jota

зат есім. 1. Биіктігі әртүрлі келген лкен, кіші, аласа) қыр, қырқа, қырат. Құлағы әжесінде, екі көзі сонау алыс көк тау, қатпарлы қалың Шыңғыс ж о т а с ы н қыдырады (М.Әуезов, Таңд.). Ол белгілі Қоңырат ж о т ал а р ы ғой. Сол жоталарды отызыншы жылдары көргеніңіз бар ма еді? (Ғ.Сланов, Замана). Үшқоңыр ж о т а с ы н а шығар машина әлі жасалып шықпаған көрінеді, деп Айдарқан қарқылдай күлді (С.Бегалин, Уақыт.). 2. ауыспалы мағына. Жан-жануарлардың, адамның арқасы, жоны. Бәрінің де белуарға дейін шешініп тастаған ж от а л а р ы н күн қақтап қызарып кеткен, өздері шат көңілді (Ә.Әлімжанов, Махамбет.). Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, Қабырғалы, ж о т а с ы болса күшті. Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, Тояттаған бүркіттей салқы төсті (Абай, Тол. жин.). Белбеуімен ж о т а м а екі осқанда, ойбай-ай, бүйтіп өмір сүргенше, суға ағып өлейін деп, өзенге қарай тұра жүгірдім (Б.Соқпақбаев, Менің атым.). Жауған қарды елең қылмай қойлар жайылып жүр. Ж о т ал а р ы аппақ, бір еліден қар тұрған (Т.Ахтанов, Боран). 3. ауыспалы мағына. Бел, белес, асу. Қуабай жасы әлдеқашан жетпістің ж о т а с ы н а н асқан, әңгімешіл, шешен қарт екен (Жрыстанов, Естен кетп.). Өзің өткен ж о т а л а р тұр есіңде, Алда қандай сапар бар білесің бе? («Қаз. әдеб.»)