етістік. 1. Жота қып қырлап үю, биіктеу. Бір үлкен, биік қара атан жатыр. Беліне шом салып, екі өркешінің арасын ж от а л а п биіктепті де, соның үстінен бастыра бір ашамайды орнатып, мықтап шандып, таңып тастапты (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Шыққан көмірді екі жұмысшы тәшкемен тасып, ж от а л а й үйіп жатыр (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). 2. Жота үстімен, қыратпен жүру. – Иә, сәт, қанды басың,– деп Шыңғыс атын тебініп жіберіп қырқаны ж о т а л а й жүгірте жөнелді (С.Бегалин, Бала Шоқан). Бұлар осы адыр ішіне қиялап, кейде ж о т а л а п, кейде бөктерлеп, бірде өрлеп, бірде құлап отырып қалыңдай батып кірген еді (М.Әуезов, Өскен өркен). Құп дегеннен басқа сөз болсын ба, Қасым қасына жалғыз ғана серік ертіп, Карпатты ж о т а л а п тартып кетті (Ғ.Сланов, Замана.).