сын есім. 1. Жонды, жалды, қырлы, белді. Балқашты бауырына алған Тарбағатай, Ж о т а л ы, жер кіндігі – Памир, Алтай, Қазықұрт қасиетті тау болмаса, Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай? (М.Жұмабаев, Шығ.). Ойы-қыры ойысқан, Тоғай нулы толы мал. Ойдан қырға тоғысқан, ж о т а л ы тау жоны бар (А.Жұмағалиев, Өшп. жалын). Құйқалы да қыртысты Көкше, Ж о т а л ы Қаратау мен қамысы сыңсыған Шудың арасында құты қашпас қазына (Т.Әлімқұлов, Туған ауыл). 2. ауыспалы мағына. Жауырынды, иықты, денелі, жонды; жотасы үлкен. Әбіш ж о т а л ы, қызыл шүйделі сарала қылыш асынған полицейскийді қасына шақырып алды (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Балуан Шолақ төртпақ, тым ж о т а л ы екен (С.Шаймерденов, Жыл құсы.). Шойын кеуделі, аю ж о т а л ы, сом саусақты, қара кісі – Игілік би паң да, тәкаппар да емес (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). 3. ауыспалы мағына. Дөңкиген, биік келген. Саурық ж о т а л ы қалың мұртын бір сипап қойып, мұрнының астынан жымың етті (С.Омаров, Өмір.). Әдемі ж о т а л ы мұрны да бір жағына таман қисайып біткен (С.Бегалин, Ана.). Шырпы сәулесі жарқ еткен-де мен оның кесектеу қырлы мұрыны мен ж о т а л ы қабақ үстіндегі қастарын ғана көріп үлгірдім (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.). 4. ауыспалы мағына. Күшті, мықты, зор, мығым. Ақ қасқыр кейін серпілді. Қалыңды тасалап, ж о т а л ы жауға назар салды (С.Елубаев, Ойсыл қара). Ал анау жолдас торы, сұлу жирен, ақшыл шабдар, күрең айғырлар да осы ж о т а л ы қасқаның тұқымы ма? (Айманкүл, Ана сыры).