Жұлу

lat: Julý

Жұл етістігінің қимыл атауы. 1. Шөптен тазалау, отау. Ағаш тұқымдары егілген жердің арам шөптерін ж ұ л у, оны тазарту, ауа райына, шөптің шығуына байланысты (А.Балтабаев, Жасыл орман.). 2. Жемісті сабағынан үзу. Алмұрт піспесе, ж ұ л у қиын, Құйтырқы істі ұғу қиын (Мақалнама). 3. Құрту, көзін жою. Бәрі алабұта деп, жаңа шығып келе жатқан көк бидайды да ж ұ л у өзіне-өзі қастық қылғанмен тең (С.Сейфуллин, Шығ.).