зат есім. тарихи. 1. Бес бұрыш (тармақ) етіп жасалған кеңес мемлекетінің айырым белгісі, эмблема. Ноян марқұм өзін «қызыл әскермін» деп, маңдайына ж ұ л д ы з жапсырған шошақ төбе қалпақ киетін еді (Р.Тоқтаров, Ертіс.). Бір жақ басында сыртында бес ж ұ л д ыз ы бар танктің суреті (С.Жүнісов, Өшп. іздер.). 2. ауыспалы мағына. Әскери дәрежеге байланысты погонға тағылатын жұлдыз бейнелі белгі. Жұлдызы оңынан туып, Жансұлтан ж ұ л д ы з алды (С.Мәуленов, Жер нәрі).