б и о л <латын тілі. cytos stellatum, латын тілі. stella – жұлдыз, грек тілі. rytos> Жануарлар ағзасының әртүрлі мүшелерінде кездесетін, пішіні жұлдыз тәрізді клеткалар. Ж ұ л д ы з ш а к л е т к а ғ а бауыр макрофагы (Купфер клеткасы), нейроциттерді байланыстыратын аралық нейроциттер, көздің торлы қабығының ішкі ядролы қабатындағы жарық сезгіш (фоторецепторлы) және биполярлы нейроциттерді байланыстырып, пресинаптикалық тежеу қызметін атқаратын горизонтальды нейроциттер, үлкен ми сыңарлары қыртысы, ішкі және сыртқы дәнді қабаттарындағы жұлдызша нейроциттер жатады (Қаз. тілі термин. Биология).