Жұмақ [бейіш] аналардың табандары астында

lat: Jumaq [beıish] analardyń tabandary astynda

Ананың қадір- қасиеті жұмақтан артық, ананың табаны да жұмақ мекенінен артық деген мағынада. Ана деген сөз адам баласының құлағына қандай жағымды, көңіліне қандай сүйкімді сез! Кірлі көйлек кигізбеген, дәмсіз тамақ жегізбеген, ыстыққа күйгізбеген, суыққа тоңғызбаған, қатты жерге жатқызбаған сол сүйікті ана емес пе? Оның үшін ананың хақы балада көп болмақшы. « Ұжмақ аналардың табандарының астында» - депті (Әдебиет майданы).