Жұмсарту

lat: Jumsartý

Жұмсарт етістігінің қимыл атауы. 1. Қопсыту, босату. Өсімдіктің түбін ж ұ м с а р т у топырақта ылғал мен ауаның мол болуына әсер етеді (Т.Таубаев, Жасыл әлем.). 2. Биязы, жұмсақ қалыпқа келтіру. Көктеп қойыпсың және мына тігетін жерін су бүркіп ж ұ м с а р т у қажет (А.Сарбөпин, Аспалы бесік). Бұдырланған, жарықшалары көп теріні ж ұ м с а р т у үшін жылытылған өсімдік майынан істелген кішкене ванна жақсы әсер етеді (О.Сейкетова, Тері. күту.). 3. Босаңсыту, иліктіру. Дәметкен сырғақсуын ж ұ м с а р т уд ы ң орнына нығайта түсті (С.Мұқанов, Шығ.). Жабайы мінез. Кісіге жұғымы жоқ дөрекі мінез. Кең дүниені тарылтып тұратын жабайы мінезін ж ұ м с а р т у еді (Д.Досжанов, Кісі.). 4. геологиялық. Қорытпаларды қыздырып өңдеудің бір түрі.