Қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың, мекеменің, ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Қазақстан заңдарында екі демалыс күні (әдетте, сенбі мен жексенбі) бар 5 күндік жұмыс аптасы, яки жұмыс ж ұ м ы с у а қ ы т ы н ы ң қалыпты ұзақтығы (аптасына 41 сағат), қысқартылған ұзақтығы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін), толық емес жұмыс уақыты, жұмыс уақытынан тыс мерзімдегі жұмыс, түнгі уақыттағы жұмыс тәртіптемелері белгіленген (ҚҰЭ). Еңбек заңнамасында ж ұ м ы с у а қ ы т ы жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді (ҚҰЭ). Ж ұ м ы с у а қ ы т ы жұмыс істелетін уақытқа және үзілістерге бөлінеді, ал жұмыс істелетін уақыт – өнімді және өнімсіз жұмыс уақыттарынан тұрады (Қаз. тілі термин. Кен.).