Жұмыс істеушінің (жұмыс істеушілер тобының) өндірістік міндеттерін орындауына бейімделген орын. Ж ұ м ы с о р н ы негізгі және көмекші жабдықтармен, технологиялық және ұйымдық жарақтармен қамтамасыз етілуге тиіс (ҚҰЭ). Ж ұ м ы с о рн ы н ұтымды ұйымдастыру, яки басы артық, қолайсыз немесе орындалуы қиын қимыл жасамай, күш пен уақытты барынша аз жұмсай отырып, өнімділігі жоғары еңбек жағдайын жасау еңбек өнімділігін арттырудың басты шарты болып табылады (ҚҰЭ).