Елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіші. Негізгі жұмыс орны бойынша еңбек ететіндер саны – бастапқы ж ұ м ы с п е н қ а м т ы л у, негізгі жұмыстан бос уақыттағы еңбекпен айналысушылар саны – қосалқы ж ұ м ы с п е н қ а м т ы л у түрлеріне бөлінеді (ҚҰЭ). Елдегі халықтың ж ұ м ы с п е н қ а мт ы л у көрсеткішінің төмендігі сол мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы дағдарыстар салдарынан болады (ҚҰЭ).