Жұмысшы

lat: Jumysshy

зат есім. Кәсіпорынның (фирманың, мекеменің т.б.) материалдық құндылықтар жасаумен және өндірістік қызметтер көрсетумен, жүк тасымалдаумен тікелей айналысатын жұмыскері. Өндірістік процеске қатысу сипатына қарай негізгі ж ұ м ы сш ы және көмекші ж ұ м ы с ш ы болып бөлінеді (ҚҰЭ). Осылайша, Зәуреш, МТС-қа ж ұ м ы сш ы болды да, тоғызыншы класқа оқуға барған жоқ (С.Танекеев, Қиян асу). Үшбұршылар мен қайлашылар былай тұрсын, мыс қорытатын пештердің өзі қазақ ж ұ м ы с ш ы л а р ын ы ң қолында (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). Қарағандыны қоршап баратқан қараша ауылдар сол ұлы армияның бір бөлегі, жаңа ж ұ м ы сш ы л а р, жаңа өмірді жасаушылар (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).