етістік. жергілікті сөз. Жұмыс істеу, еңбектену, қарекеттену. Екеуі келді шауып атты қыстап, Түлкіні аламыз деп отпен ыстап. “Шылбырынан арқандап атты отқа қой, Тойып қалсын болғанша біз ж ұ м ы с т а п” (Шәкәрім, Өлеңд.). Мың жылдан арғы егіншілікті қалай ж ұ м ы с т а ғ а н болса, ұрпақтары осы күні де сол қалыпша ж ұ м ы с т а п отыр («Айқап»). Қырқымда қынаптағы қылыштаймын, Елуде әр жұмысты ж ұ м ы с т а й м ы н, Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін, Жетпіс жаста илеген терідеймін (Алдаспан).