Жұпар

lat: Jupar

зат есім. атын тілі. muscus> 1. Кейбір өсімдік түрлерінен және жануарлардың (жылан, тасбақа, қолтырауын, жұпартышқан, құдыр, құндыз, ондатра т.б.) арнайы жұпар бездерінен алынатын хош иісті зат. Жануарлардың ж ұ п а р бездері, көбінесе, аталықтарында, ал жұпартышқанның аналығында да болады (ҚҰЭ). Ж ұ п а р бездері түрі өзгерген тері бездеріне жатады, ол жануарлардың құрсақ жағында, құйрығының маңына немесе аталық бездерінің жанында орналасады (ҚҰЭ). 2. Ерекше хош иіс. Аға, өзі ж ұ п а р аңқиды ғой, неткен тамаша иіс. Күдірдің бар қасиеті осы жұпары. Бұл иіс, тек еркек күдірде болады (С.Бегалин, Уақыт.). Жайсаң жазғы шақ. Айнала көкорай шалғын, ж ұ п а р ауасы жанға рақат тыныштық еді (Х.Рахимов, Полк туы). 3. Әтір, иіс су. Оның жасанды күлкісі де, жаққан опасы да, қолтығынан бұрқылдаған қымбат ж ұ п а р ы да, бейсауат уақытта мәлімсіз жүріс-тұрысы да ұнамайды (Т.Әлімқұлов Сейтек.). Жұлдызы көп әлемге, Сайрандағым келеді. Айдай ару әйелге, Ж ұ п а р сепкім келеді (Қ.Бекхожин, Қайран жас.). Еңкейіп төбемнен иіскеген сайын көгерте қырылған жүзінен әкем жағынатын шипр ж ұ п а р ы кеңсірігімді қытықтайды (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз).