Жұпты

lat: Jupty

сын есім. Ерлі-зайыпты, серіктес, қосақтас. «Аз уақытта ауылдарыңа елші барады. Маған адал ж ұ п т ы болам деп серт уәдеңді берсең екен» деген сөзді осының аузына Құдай неге салмайды? дейді ішінен Өтегелді (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Жүзіңнің ақ аралас қызыл бетті, Жаман сөз сөйлемейді, адал ж ұ пт ы. Болғанда тісі аппақ, пісте мұрын, Ауызы қалжың сөзге болса епті (Ақан сері, Шығ.).