зат есім. физикалық. Кейбір дискреттік түрлендірулер кезінде физикалық жүйенің не элементер бөлшектерінің толқындық функциясының симметриясын сипаттайтын кванттық сан. Егер осындай түрлендірулер кезінде (φ) таңбасын өзгертпесе, онда ж ұ пт ы л ы қ оң, егер өзгертсе – теріс болады (ҚҰЭ). Кеңістік ж ұ п т ы л ы қ – айналық шағылу (кеңістік инверсия) кезінде элементер бөлшектердің не олардың жүйелерінің симметриялық қасиеттерін білдіретін кванттық механикалық сипаттама: әлсіз өзара әсерлерден басқа барлық өзара әсерлерде сақталады (ҚҰЭ).