сын есім. 1. Қарапайымдау, қораштау, сүреңсіздеу. Офицердің қасындағы түрік ерін, ақ сұрша, орта бойлы жігіт ол да қазақ. Киген киімі жабайы, ж ұ п ы н ыл а у, семинарияның шәкірті сияқтанды (I.Жансүгіров, Шығ.). Қонақтан түгін аямайтын ауылдың дастарқаны ж ұ п ы н ы л а у екен (М.Дүйсенов, Гүлжан.). 2. Сыпайылау. Оның Самалы өзіндей әнші еді. Жайшылықта көзге ж ұ п ы н ы л а у көрінгенмен ән салған кезде ажарланып, асқақтап кететін (Ә.Әбішев, Найзағай).